Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды

11:35 | 10 сәуір 2023

Алматыда дзюдодан Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан өз мәресіне жетті.

Нәтижесінде қазақстандық төреші Самат Сапишев IJF International – халықаралық төреші, Асхат Жіткеев пен Николай Иванов IJF Contenintal дәрежесіндегі төреші атағына ие болды.

Айта кетерлігі, семинардың алғашқы күндерінде теориялық бөлімді тәмәмдаған төрешілер, жазбаша және ауызша кезеңдерден тұратын емтихан тапсырған болатын. Ал практикалық бөлімін мамандар Алматыда өтіп жатқан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогінің жарыс алаңында төрелік етіп, тапсырды.

19 төреші IJF Contenintal және 21 төреші International дәрежелерін алып, растайтын сертификаттармен марапатталды. Семинарға барлығы 18 елден 42 рефери қатысқан болатын.

Емтихандарды Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) төрешілер комиссиясының басшылары Армен Багдасаров мен Даниэль Ласкау, сондай-ақ Азия дзюдо одағының рефери директоры Мун Вон Бае қабылдады.

Халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болған мамандар Гран-при, Grand Slam, құрлықтық және әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындарында төрелік ететін болады.

Бұл семинар елімізде биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан дзюдо федерациясы IJF-пен бірлесе отырып, бұндай халықаралық деңгейдегі шараларды жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлауда.

76b2ceaefcd9e4c7f3cdb6d4bbc7188e.jpg

922c9e9694461431fcb67bac82942f05.jpg

7f8526a7f10d3bb446d4f4bea30be314.jpg

161e7628b28927040aa6332fea6e984c.JPG

e2a606e1cbe512b5328adf9b59f5864d.JPG

b8d9a334ef81bb6c312b85f285b9839f.JPG

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар