Жаңалықтар

10:38 | 12 ақпан 2018
9-11 ақпан күндері Ақтау қаласында 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдодан қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 16 команда қатысты. 3 күнге созылған жарыс нәтижесінде ОҚО медаль саны бойынша 4 алтынмен бірінші орыға шықты. 3 алтын иеленген Алматы қаласының дзюдоистері медаль кестесінде екінші орынға тұрақтаса, 2 алтын медальмен Алматы қаласы үздік үштікті қорытындылады.…
14:30 | 07 ақпан 2018
8-12 ақпанкүндері Ақтау қаласында «Маңғыстау Арена» спорт кешеніндедзюдодан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Жарыс кестесі келесідей: 8 ақпан – командалардың келу күні 9 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Ұлдар: -46 кг, - 50 кг, -55 кг Қыздар: -40 кг, -44 кг 16:00 – Жарыстың ашылу салтанаты 10 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Ұлдар: -60 кг, - 66…
13:30 | 02 ақпан 2018
Францияның Париж қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. Аталмыш жарысқа әлемнің 74 елінен 445 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан ерлер құрамасы бұл жарыстан тыс қалады. Ал ел намысын қорғауға Қазақстан құрама командасынан Ақмарал Науатбек (48 кг), Кәмшат Қарасайқызы (52 кг) және Анна Казюлина (57 кг). «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне берілетін ұпай сандары мынадай: І орын – 1000…
10:12 | 02 ақпан 2018
Қазақстан Дзюдо федерециясы Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбековты 1 ақпаннан бастап Қазақстан Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті/бас қазынашы қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлайды. - Құрметті достар, дзюдо жанашырлары! Қазақстан дзюдо федерациясынан кеткенім туралы хабарлаймын. Федерацияда қызмет атқарған 5 жыл ішінде аз жұмыс атқарылмады. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы елімізде ең ірі әрі маңызы өте жоғары жарыс – Әлем Чемпионаты өтті. Әлем Чемпионатында дзюдошыларымыздың жеткен…
18:33 | 30 қаңтар 2018
Бүгін ҚР Ұлттық құрама командасының спортшысы, ҚР Еңбек сіңірген спортшысы, дзюдодан ҚР Чемпионы, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, әлемдік "Grand Slam" және "Grand Prix" турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері, Әлем кубогының қола жүлдегері Азамат Мұқановтың туған күні! Қазақстан Дзюдо федерациясы Азаматқа елімізде дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосып, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүргеніне алғыс білдіреді. Азаматқа деніне саулық, отбасына амандық, спорт жолында толағай…

Әлеуметтік желідегі парақшалар