Дзюдодан Қазақстан Әлем чемпионатында 2 медаль жеңіп алды

13:16 | 27 қыркүйек 2018

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 20-27 қыркүйек күндері Әзірбайжаан астанасы Баку қаласында өткен Әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды. 124 елдан 755 дзюдошы келген Әлем біріншілігінде Қазақстан сапынан 17 татами шебері қатысып бір күміс және бір қола медальмен жалпы медаль кестесінде 12-орынға жайғасты.

Жарыстың бірінші күнінде 48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанымыз Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль жеңіп алып, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды. Ол шешуші жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Мунхбат Уранцэцэгтен басым түсті.

a8dde6e114cdf507e14f42aed2e2e7e8.jpg

Галбадрах бірінші белдесуінде бразилиялық Габриела Шибаноны, екінші айналымда испаниялық Лаура Мартинез Абеленданы ұтты. Алайда, ширек финалда Еуропа Чемпионы украиналық Дарья Белодедқа есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады. Ал жұбаныш белдесуінде Словения спортшысы Маруса Штангерді иппонмен жеңіп, Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта сынға Ерлан Серікжанов жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ол финалдық кездесуде жапониялық әлем чемпионы Абе Хифумиге есе жіберді. Ерлан Серікжанов іріктеу кезеңінің алғашқы белдесуінде Артур Карлос Джуниорды (Мозамбик), екінші кездесуінде Барух Шмаиловты (Израиль), кейін Вадим Бунескуды (Молдова), ал ширек финалда моңғолиялық Херленг Ганболдты жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Әлем рейтингінің көшбасшысы израильдік Тель Фликер Ерланды тоқтата алмаған еді.

1 аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша, жекелей сайыстар бойынша 16 жүлдемен (7 алтын, 5 күміс, 4 қола) Жапония құрамасы көш бастады. Ал 3 иеленген (2 алтын, 1 қола) Оңтүстік Корея ұлттық құрамасы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, қоржынында 4 (1 алтын, 1 күміс және 2 қола ) жүлдесі бар Франция құрамасы үздік үштікті тәмәмдады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар