Жаңалықтар

15:40 | 01 қазан 2018
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF)20-27 қыркүйек күндері Бакуде өткен Әлем чемпионатынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңа әлемдік рейтингте Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған қазақстандық Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы орынға, Әлем чемпионатында Қзазақстан қоржынына қола жүлдені салған Отгонцэцэг Галбадрах 7-ші орыннан 5-ші орынға көтерілді. Айта кетерлігі, халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге…
16:12 | 27 қыркүйек 2018
Бакуде дзюдодан Әлем чемпионатың жекелей сайыстары аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасынан 17 дзюдошы қатысып, оның екеуі жеңімпаздар тұғырынан көрінді. Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдегер атанса, Ерлан Серікжанов Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкер Марат Данайбаевтың айтуынша, Әлем чемпионатында 35 жастағы тәжірибелі дзюдошы Гүлжан Исановаға жүлдегер атанады деп үміт артылған. Алайда, 78 келіден жоғары салмақта күресетін Исанова Әлем…
13:16 | 27 қыркүйек 2018
Дзюдодан Қазақстан құрамасы 20-27 қыркүйек күндері Әзірбайжаан астанасы Баку қаласында өткен Әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды. 124 елдан 755 дзюдошы келген Әлем біріншілігінде Қазақстан сапынан 17 татами шебері қатысып бір күміс және бір қола медальмен жалпы медаль кестесінде 12-орынға жайғасты. Жарыстың бірінші күнінде 48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанымыз Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль жеңіп алып, Әлем чемпионатының екі…
21:13 | 26 қыркүйек 2018
Бүгін Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионатының жекелей сайыстары аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде 124 елдің ішінде 12-інші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасынан 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Галбадрах Отгонцэцэг Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, 66 келіге дейінгі балуанымыз Ерлан Серікжанов вице-чемпион болды. Дзюдодан Ұлттық құрама бапкері Айдын Смағұлов жарыстан кейін Әлем чемпионатын қорытындылап,…
21:13 | 26 қыркүйек 2018
Бүгін Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионатының жекелей сайыстары аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде 124 елдің ішінде 12-інші орынға жайғасты. Жарыстың бірінші күнінде 48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанымыз Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль жеңіп алып, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды. Ол шешуші жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Мунхбат Уранцэцэгтен басым түсті. Галбадрах…

Әлеуметтік желідегі парақшалар