Жаңалықтар
17:43 | 28 қараша 2018
23 қараша күні рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысың дзюдо федерациясымен Шотан батыр қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының әкімінің қолдауымен Халық Батыры Шотан Назарұлы атында дзюдодан2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы IV Республикалық ашық турнирі өтті. Жалпы жүлде қоры 630 мың теңгені құрайтын жарысқа Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан…
17:13 | 27 қараша 2018
2018 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Астана қаласында «Оқушылар сарайында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында «Оқушылар сарайының» кубогы үшін І ашық турнирінің өтеді. Жарысқа Қазақстанның 14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия сынды алыс-жақын шетелден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Жекелей жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, медальдармен, грамота мен бағалы заттармен…
16:55 | 26 қараша 2018
24-25 қараша күндері Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты. Қазақстан жастар құрамасынан 15 дзюдошы қатысып, оның 7-еуі жүлдемен оралды. Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрама командасы медаль саны бойынша командалық есепте бірінші орынға иеболды.
Назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
Алтын
Ерлан Уналов (55 кг)
Билал Болат…
15:18 | 24 қараша 2018
Жапонияның Осака қаласында дзюдодан өтіп жатқан "Grand Slam" жарысында қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов 5-орын алды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жұбаныш финалында жапон балуаны Арата Тацукауаға жол берді.
Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының ширек финалына дейін жңіліссіз келген еді. Алғашқы қарсыласы ресейлік Саян Ондарды жеңген соң, жапониялық Рентаро Ногамиді ұтты. Жартылай финалдық жолдама үшін канадалық Артур Маргелидонмен күресіп, иппон…
11:39 | 23 қараша 2018
Бүгін Осакада дзюдодан «Grand Slam» жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан татамиге 4 дзюдошы шықты. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Елдос Жұмақанов (66 кг) алғашқы белдесуде ұтылса, Елдос Сметов (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) жарыстың жұбаныш белдесуінде қарсыластарына жол беріп, 7-орында аяқтады.
Елдос Сметов алғашқы беледсуінде Бам Моханды (Непал), кейін Магсар Тогтохбаярды (Моңғолия) иппонмен ұтса, ширек финалда…