Жаңалықтар

10:00 | 10 тамыз 2013
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы Майамиде өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік өнер көрсетуде. FDK.KZхабарлағандай, алғашқы жарыс күні Бауыржан Жауынтаев әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Әлем чемпионатының екінші күні Қазақстан медальдан құр алақан қалмады. 66 келі салмақта өнер көрсеткен Дидар Хамза отандық қоржынға қола медаль салып берді. Алғашқы белдесуін колумбиялық Хуан Теллоға қарсы өткізген Дидар иппон әдісімен жеңіске жетсе, австриялық Кристофер Вагнермен…
13:00 | 09 тамыз 2013
8 -11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 79 елдің 532 өкілі қатысты. Қазақстандық кадет, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев55 келі салмақ санатында өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын алқасын олжалады.Жоғарғы дәрежелі медальды иеленгенБауыржан жасөспірімдер арасынан алғаш шыққанқазақстандық дзюдошы. Бауыржан Жауынтаев алғашқы жекпе-жегін перулік Патино Виларгаға қарсы өткізіп, жауырынын жерге тигізді. Одан кейінгі тартысын украиндық дзюдошы…
10:00 | 09 тамыз 2013
55 келі салмақта өнер көрсеткендзюдошы Бауыржан Жауынтаев кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында «алтыннан» алқа тағынды. Бауыржан әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген тұңғыш қазақстандық дзюдошы. Перулік қарсыласы Патино Вилаграны атып ұрған жерлесіміз, екінші кездесуін украиндық балуан Каро Марандянға қарсы өткізіп, алғашқы минутта – ақ жауырынын жерге тигізді. Иппон әдісімен Жауынтаев жартылай финалда американдық Адонис Диасты, одан кейінгі жартылай финалдық жекпе –…
15:00 | 08 тамыз 2013
2013 жылдың 8 тамызында дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Жаке Саламатов Бразилия өтетін әлемдік біріншіліктееліміздің намысын қорғайтын дзюдошы қыздарымыздың тізімін ресми түрде жариялады. Әйелдер құрамасының сапы әжептәуір тәжірибелі. Екі бірдей Лондон Олимпиадасының қатысушылары Гульжан Исанова мен Александра Подрядова Бразилия бозкілемінде өнер көрсететін болды. Рио-де-Жанейрода 48 келі салмақ дәрежесінде Айгуль Бакулева мен Александра Подрядова, ал 52 келіге дейінгі салмақта Ленария…
12:00 | 08 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін дзюдодан әлем чемпионатында еліміздің абыройын қорғайтын құрама мүшелері мәлім болды. Команда капитаны болып 2009 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері және 2011 жылғы біріншіліктің күміс иегері Максим Раков (100 кг дейінгі салмақ санаты) тағайындалды. Әлем біріншілігіне Максим Раковпен қоса тағы сегіз дзюдошы қатысады. Қазақстанның дзюдодан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ермек Иманбековтің хабарлауынша, Бразилияға мына спортшылар барады: 60 кг…

Әлеуметтік желідегі парақшалар