Жаңалықтар

19:59 | 27 қазан 2018
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев "Grand Slam" турнирінің қола жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жұбаныш финалында бельгиялық Жорри Верстритенді вазаримен ұтты. Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген отандасымыз бірінші белдесуде венгриялық Чабо Цабоны, ширек финалда ресейлік Альберт Огузовты ұтты. Алайда жартылай финалда Франциско Гарригосқа жеңілген еді. Дәл осы салмақта қола медаль үшін күрескен тағы бір отандасымыз Елдос Сметов…
16:18 | 23 қазан 2018
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қожамжаров Қайрат Пернешұлы сайланды. Конференцияда республикалық және облыстық федерациялардың өкілдерімен өзекті мәселелер, соның ішінде дзюдоның аймақтардағы жағдайы, еліміздегі дзюдоның даму жөнінде мәселелер талқыланды Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин, Спорттық жекпе-жек және күш…
17:40 | 22 қазан 2018
27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді. Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды. Олар: Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Елдос Жұмақанов (-66 кг) Бекәділ Шаймерденов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Ислам…
04:12 | 22 қазан 2018
Нассауда дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар жұбаныш финалында Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразиялия құрамасына 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. Аралас командалық…
16:39 | 19 қазан 2018
13-16 қараша күндері Астанада қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан Чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылардан 2019 жылғы дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы жасақталады. Астанада өтетін Қазақстан чемпионатын «QazSport» арнасы көрсетеді. Назарларыңызға Қазақстан Республикасының Чемпионатының жарыс кестесін ұсынамыз: 13…

Әлеуметтік желідегі парақшалар