Жаңалықтар

04:17 | 19 қазан 2018
Нассауда (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында өтп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Жанболат Бағтбергенов қола жүлдені жеңіп алды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз жұбаныш финалында ресейлік Дэвид Гамасовты вазари ұпайымен ұтты. Жанболат Әлем чемпионатында жалпы 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде алғашқы қарсыласы Ли Уок Уинді (Гонконг) вазаримен, кейін колумбиялық Лэйдар Наварро мен тәжікстандық Сомон Махмадбековты…
03:43 | 18 қазан 2018
Нассауда басталған жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бүгін жүлдесіз қалды. Жарыстың брнші күнінде татамиге 5 дзюдошы шықса, оның ішінде екеуі нәтижелі күрес көрсетіп, жарысты 5-ші орынмен аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Бауыржан Нарбаев жұбаныш финалында Бразилия спортшысы Ренан Торреске жол берсе, 48 келіге дейінгі салмақта күрескен Ғалия Тынбаева испаниялық Лаура Мартинез Абелиндаға жеңіліп, екеуі де қолаға қол созым…
01:03 | 18 қазан 2018
Багама аралдарының астанасы Нассау қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бірінші жарыс күнінің ірктеу кезеңдері аяқталды. Қазақстан сапынан татамиге 5 дзюдошы қатысып, оның екеуі Әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды. Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан жастар құрамасынан 2 дзюдошы қатысты. Ақмарал Науатбек грузиялық Наталья Кипшидзені ұтқанымен, екінші айналымда ересектер арасындағы Әлем чемпионы Дарья Белодидке…
00:11 | 18 қазан 2018
Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Нассауда (Багама) өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі. Әлем рейтингінде екінші нөмерде тұрған Ғалия жарысқа екінші айналымда қосылды. Отандасымыз алғашқы кездесуінде марокколық Шайми Эддинариді жеңіп, ширек финалға шықты. Ал жартылай финалдық жолдама үшін ересектер арасындағы әлем чемпионы украиналық Дарья Белодидпен күресіп, иппон ұпайымен есе жіберді. Осылайша, жұбаныш белдесуінде франциялық Юля Мори Уил…
11:01 | 17 қазан 2018
Құрметті әріптестер! ҚР Дзюдо федерациясының президентін сайлау мақсатында жоспарланған кезектен тыс конференцияның өтетін уақыты келесі аптаға шегерілгенін хабарлаймыз. Естеріңізге сала кетсек, кезектен тыс конференция 18 қазанға жоспарланған болатын. Қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, серіктестік танытып, түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Әлеуметтік желідегі парақшалар