Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтті

17:04 | 07 шілде 2024

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған ашық Азия кубогі өз мәресіне жетті. Аталған бәсекеге 10 елден, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Молдова, Германия, Иран, АҚШ және Ресейден 700-ге жуық жас татами шебері қатысты. Алматы татамиінде жасөспірімдер 2007-2008, ал жастар 2004-2006 жылғы спортшылар төрт күн бойы өзара мықтыны анықтады. Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасынан Нұрәділ Жұмаділ (73 кг), Расул Мұқым (81 кг), Санжар Ерұланұлы (90 кг), Дінмұхаммед Нысанбай (+90 кг), Көркем Орымбек (-63 кг), Томирис Ерғали (70 кг) және Руслана Махатова (+78 кг) Азия кубогінің жеңімпазы атанып, ерекше көзге түсті.

Айта кетерлігі, жарыс нәтижесі бойынша Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейингте ұпай қосылады: І орын – 100 ұпай, ІІ орын – 60 ұпай, ІІІ орын – 40 ұпай.

Сонымен қатар, Азия кубогінде 20 елден 32 төреші практикалық емтихан тапсырды. Емтихан нәтижесінде дзюдо төрешілері Continental және International дәрежесіне қол жеткізді. Қазақстандық мамандар Асхат Житкеев «Халықаралық дәрежедегі төреші» атағына ие болса, Қайыржан Сүлейменов пен Павел Ермошенко «Continental» құрлықтық дәрежедегі төреші атанды. Бұл - төрешілердің Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, құрлықтық және әлемдік жарыстарда, атап айтқанда, Гран-при, Grand Slam, Masters, әлем чеммионаты мен Олимпиада ойындарырда төрелік етуге мүмкіндік береді.

Емтиханға Қазақстан, Австралия, Қытай, Хорватия, Германия, Гонконг, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Молдова, Моңғолия, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Тайпей және АҚШ елдерінен Continental санатына 15, International санатына 17 төреші қатысты.

Халықаралық дзюдо федерациясының мұрындық болуымен Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған семинар-емтиханға Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары – Чжон Ки ЕН, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының рефери директорлары Осако Акинабу, Набел Абдрабалнаби комиссия алқасы болды.

Айта кетерлігі, емтиханға дайындық мақсатында 1-2 шілде күндері Алматы қаласындағы Дзюдо академиясында төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. 3 шілде күні төрешілер теориялық бөлім бойынша жазбаша және сұхбаттасу форматында емтиханның бірінші кезеңін тапсырды. Емтиханның практикалық кезеңі жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі аясында өтті.

***

Бекет Махмұтов - 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылды.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар