Дзюдодан Азиада Одағы атқарушы комитетінің жұмыс отырысы өтті
17:23 | 02 ақпан 2014
2014 жылдың 30 қаңтарында Кувейтте «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бірнші вице-президенті Дзюдодан Азиада Одағы атқарушы комитетінің кезекті жұмыс отырысына қатысты. Кеңес барысында Кореяда өтетін 2014 жылғы Азия ойындарына, Гонконгта өткізілетін кадеттер арасындағы 8-ші Азия чемпионаты мен жастар арасындағы 15-ші Азия чемпионатына дайындық барысы талқыланды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар олимпиаданың біліктілік жүйесін және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты сұрақтарды қарастырды.
0 пікірлер