Жаттықтырушылар курсы өткізілді

18:08 | 06 ақпан 2014

2014 жылдың 3-6 ақпаны аралығында Атырау мен Орал қаласында дзюдодан жаттықтырушылар курсы өткізілді. Шара барысында профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шепетюк М.Н., «Күрестегі техникалық әрекеттерге үйрету әдісі» және «Күрескерлерді көп жылдық дайындаудың жалпы құрылымы» тақырыптарында дәріс оқыды.

Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Жіткеев Асхат пен Смағұлов Айдын тәжірибе түрінде сабақ өткізді, ал халықаралық дәрежедегі төреші Дидар Орынбасаров дзюдо ережесіне енгізілген өзгерістерді таныстырды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар