«Еуропаның Ашық Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды
2014 жылдың 15 – 16 ақпаны арылығында Римде өткен «Еуропаның Ашық Кубогы» халықаралық турниріне еліміздің әйелдер құрамасы қатысты. Алайда Қазақстан дзюдошыларына жүлдеге ие болу мүмкін болмады. Естеріңізге салайық, айтулы додада Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады. Олар: 48 келі салмақ дәрежесіне дейін 2011 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Байқұлова Айгүл, осы салмақ дәрежесінде Лондондағы олимпиадаға қатысқан, Әлем Гран-прилерінің қола жүлдегері Подрядова Александра, 63 келі салмақ дәрежесіне дейін 2013 жылдың Еуропа Кубогының қола жүлдегері Урдабаева Мариан, 70 келі салмақ дәрежесіне дейін 2013 жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Құдарова Динара, 78 келі салмақ дәрежесіне дейін Әлем Гран-прилерінің күміс жүлдегері Амангельдиева Альбина.
0 пікірлер