Жаңалықтар

13:21 | 20 қараша 2013
Кеше 75 жасқа қараған шағында Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясы төрағасының әкесі Базарбай Мұсабайұлы өмірден өтті. Үш ұл мен үш қыз тәрбиелеген ардақты әке, бүкіл ғұмырын ағартушылық саласына жұмсаған ұлағатты ұстаздың қазасы баршамызға ауыр тиді. Қазақстан дзюдо федерациясы Самат Базарбайұлы мен оның жақындары, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
11:25 | 20 қараша 2013
Бүгін, 20 қарашада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұжымы бір жылдық мерейтойларын атап өтуде. Елiмiздiң бокс федерациясының тiзгiнін ұстайтын Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бес спорт түрi федерацияларын бiр конфедерацияға бiрiктiру турасындағы ұсынысы жүзеге асты. Осыдан бір жыл бұрын Астанада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері ұйымы ресми түрде қызметін бастаған болатын. Мерейтой иесі бокс, күрес, ауыр атлетика,…
19:18 | 19 қараша 2013
Бүгін Өскеменде дзюдодан Қазақстан біріншілігі аяқталды. Сіздерді еліміздің жаңа чемпиондарымен таныстырамыз. Ерлер: 60 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Ғабит Есімбетов (ОҚО) 66 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Жансай Смағұлов (Қарағанды обл) 73 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Дастан Ықыбаев (ШҚО) 81 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Әзиз Қалқаманұлы (Жамбыл обл) 90 келіге дейінгі с/д жеңімпаз – Тимур Болат (Астана) 100…
19:15 | 19 қараша 2013
Шығыс жерінде дзюдодан өткен ішкі біріншіліктің нүктесі қойылды (15-19 қараша). Байрақты бәсекенің соңғы күні Қазақстан кубогының бәйгесі сарапқа салынып, командалық жарыстар ойнатылды. Қалалық жекпе-жек сарайының жеңіс тұғырына ерлер арасында (-66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг) Шығыс Қазақстан облысының балуандары көтерілсе, ал әйелдер арасында (-52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70…
21:08 | 18 қараша 2013
Өскемендік шаршы алаң еліміздің әр аймағынан келген ерлер мен әйелдер арасындағы балуандардың басын қосты. Дзюдодан жалауын желбіреткен ел біріншілігінің үшінші күнгі белдесуі 48 келі (әйелдер) мен 60 келідегі (ерлер) балуандардың үздіктерін анықтаған болатын. Нәтижесінде, финалдық жекпе-жекте ұлттық құраманың лидері Александра Подрядованың (ОҚО) (суретте – сол жақта) жауырынын жерге тигізген Айгүл Байқұлова (Ақтөбе облысы) нәзік жандылар арасында жеңіс тұғырының жоғарғы сатысына…

Әлеуметтік желідегі парақшалар