Жаңалықтар

19:17 | 07 ақпан 2014
2014 жылдың 7 ақпанында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында «Дзюдо федерациясы» РҚБ атқарушы директоры Жылқыбаев Самат Сәбитұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Раушанов Асан Сайынұлына аймақтағы дзюдоның дамуына үлесін қосқаны үшін алғыс хат табыс етті және федерация атынан «Атырау облысындағы дзюдо күресі федерациясы» ҚБ татамиді сыйға тартты.
18:08 | 06 ақпан 2014
2014 жылдың 3-6 ақпаны аралығында Атырау мен Орал қаласында дзюдодан жаттықтырушылар курсы өткізілді. Шара барысында профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шепетюк М.Н., «Күрестегі техникалық әрекеттерге үйрету әдісі» және «Күрескерлерді көп жылдық дайындаудың жалпы құрылымы» тақырыптарында дәріс оқыды. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Жіткеев Асхат пен Смағұлов Айдын тәжірибе түрінде сабақ өткізді, ал халықаралық дәрежедегі төреші Дидар Орынбасаров дзюдо…
12:54 | 06 ақпан 2014
2014 жылдың 6-10 ақпаны аралығында Атырау қаласында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысады. Жеребе тарту бүгін өткізіледі, ал жарыс ертең басталады.
12:51 | 04 ақпан 2014
2014 жылдың 5-13 ақпан аралығында Париж қаласында «Гранд -Слам» Халықаралық турнирі өткізіледі. Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер ұлттық құрамасының 14 спортшысы қорғайтын болады. Ерлер құрамасы: Төренов Ертуған Болат Тимур Раков Максим Сметов Елдос Мұқанов Азамат Телманов Асхат Есімбетов Ғабит Лим Сергей Смағұлов Жансай Әйелдер құрамасы: Байқұлова Айгүл Александра Подрядова Мариан Урдабаева Динара Құдарова Альбина Амангелдиева
17:23 | 02 ақпан 2014
2014 жылдың 30 қаңтарында Кувейтте «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бірнші вице-президенті Дзюдодан Азиада Одағы атқарушы комитетінің кезекті жұмыс отырысына қатысты. Кеңес барысында Кореяда өтетін 2014 жылғы Азия ойындарына, Гонконгта өткізілетін кадеттер арасындағы 8-ші Азия чемпионаты мен жастар арасындағы 15-ші Азия чемпионатына дайындық барысы талқыланды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар олимпиаданың біліктілік жүйесін және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты сұрақтарды қарастырды.

Әлеуметтік желідегі парақшалар