Масаши мықты болып тұр
13:28 | 26 тамыз 2014
Дзюдодан әлем чемпионатының (25-31 тамыз, Челябинск) екінші жарыс күні Сергей Лим (66 келі) үшін сәтті болған жоқ.
Қазақстан құрамасының бапкерлері ерекше үміт артқан Сергей біріншілікті жақсы бастаған. Италияндық Элио Верде мен алжирлік Худ Зурданиді жерлесіміз «иппонмен» жеңді. Алайда келесі кезеңде біздің балуанды өткен жылы Азамат Мұқановты финалда жеңген Масаси Эбинума күтіп тұрды. Ал Лимнің оған әлі жетпеді. Таза жеңіліс - «иппон».
0 пікірлер