Имашев жұбаныш белдесуінде

13:36 | 25 тамыз 2014

Челябинскіде дзюдодан әлем чемпионаты басталды ( 25-31 тамыз).

Бүгін татамиге шыққан үш балуанымыздың ішінен алысқа шапқаны Айбек Имашев (60 келі) қана.

Өз тобында ол палестиналық Мохаммад Мохсенді оңай жеңді. Кейін армениялық Григор Иванян мен өзбек балуаны Диорбек Урозбоевтан басым түсті. Алайда, жартылай финал жолдамасы үшін тартыста моңғолиялық Ганбат Болдбатардан ұтылды. Айбектің жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы кейін анықталады.

Еркебұлан Қосаев (60 келі) бірінші белдесуде Геворг Геворгяннан (Украина), ал Меруерт Иманғалиева (48 келі) – Моника Унгуряннан жеңілді (Румыния).

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар