Жүлдеге жақын тұр еді
18:41 | 25 тамыз 2014
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды (25-31 тамыз, Челябинск).
60 келідегі Айбек Имашев француз Софиан Милушты иппонмен жеңген соң, қола медальға күресу құқығын алған. Тіпті, 10:0 есебімен жапондық Наохиса Такатоны ұтып жатыр еді. Алайда, Такато әккі екен. Айбекті иппон әдісімен (100:10) жеңіп кетті. Кейін Айбектің көз жасын әрең ұстап тұрғанын көрдік... Жеңіліс қашанда ауыр...
0 пікірлер