Жаңалықтар

18:55 | 16 шілде 2017
Бішкекте дзюдодан жастар арасында Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. Азия құрлығынан 17 елден 177 спортшы қатысқан біріншілікте ел намысын 20 дзюдошы қорғады. Екі күнге созылған Чемпионатты Қазақстан жастар құрамасы 9 медальмен 3-орынмен ақтады. ЧЕМПИОНДАР: Бауыржан Нарбаев (55 кг) Перизат Қадірбекова (70 кг Камила Берлікаш (+78 кг) КҮМІС Абдулла Еркебұлан (+100 кг) ҚОЛА: Адия Сайын (44 кг) Ғалия Тынбаева (48 кг)…
21:32 | 15 шілде 2017
Бүгін, 15 шілде Германияның Саарбрюккен қаласында дзюдодан Еуропа Кубогы басталды. Еуропаның 29 елінен 403 спортшы қатысып жатқан турнирде ел намысын 14 дзюдошы қорғауда. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 7 спортшы татамиге шығып, оның 3-еуі нәтижелі күрес көрсетті. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен Жансай Смағұлов қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанды. Ал Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Елдос Сметов (66 кг)…
20:44 | 15 шілде 2017
Бүгін, 15 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дзюдодан жастар арасында Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде 17 елден 177 жас дзюдошылар 8 салмақ дәрежесіне бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасынан татами төріне 13 дзюдошы шығып, 1 алтын, 4 қола медаль алып, медаль саны бойынша 17 ел ішінде 5-орынға жайғасты. Құрлықтық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлерлер келесідей: Алтын - Бауржан…
19:45 | 14 шілде 2017
Қырғызстан астанасы Бішкекте кадеттер арасында Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасынан құрлықтық чемпионатқа 19 дзюдошы қатысып, ел қоржынына 15 медаль түсті. 14 елден 155 жас дзюдошылар қатысқан чемпионатты Қазақстан құрамасы 2 алтын, 6 күміс және 7 қола медальмен медаль саны бойынша 3 орынмен аяқтады. 2017 жылғы Азия Чемпионатында қазақстандық екі спортшы чепмпион атанып, ел намысын абыроймен қорғады. Назарларыңызға…
19:18 | 13 шілде 2017
Қырғызстанның Бішкек қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия Чемпионаты басталды. Азия құрлығының 14 елінен 155 спортшы қатысып жатқан біріншілікте Қазақстан құрамасынан 19 жас дзюдошы ел намысын қорғап жатыр. Жарыстың бірінші күнінде 50 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Шерход Давлятов қарсылас шақ келтірмей, Азия Чемпионы атанды. Ал 52 келіде финалға шыққан бұрымды балуанымыз Меруерт Сәрсенова финалдық кездесуде тайпейлік Лин Хсуан Хсуға жол…

Әлеуметтік желідегі парақшалар