Жаңалықтар

22:11 | 28 ақпан 2015
Польшада өтіп жатқан "European Open" жарысында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Жұмаханов күміс жүлдегер атанды. Ал, 60 келі салмақта Гумар Қырғызбаев қола медальді қанжығасына байлады. Естеріңізге салайық, бүгін басталған жарыс 1-ші наурызға дейін жалғасады. Ертең татамиге 81, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады.
20:37 | 27 ақпан 2015
Жарыс 27 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткізіледі. Оның ашылу салтанатында Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Атырау қаласы әкімі, жергілікті дзюдо федерациясының басшысы Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлына өңірде дзюдо күресін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Астанада өтетін әлем біріншілігінің құрметті қонағы болуға шақырды. Өз кезегінде шаһар басшысы аймақта 2016 жылы…
13:48 | 21 ақпан 2015
Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Германияда өткен "Grand Prix" жарысында қола медальді ұтып алды. 60 келі салмақта күрескен спортшымыз алғашында британдық спортшы Эшли Маккензиден басым түсіп, келесі кездесуде әлем чемпионы жапониялық Наохиси Такатоны жеңді. Жартылай финалда ол әлем чемпионатының жүлдегері оңтүстік кореялық Ким Вон Джинға есе жіберіп алды. Жұбаныш белдесуде Рустам француздық Винсента Лимарды «иппон» әдісімен жеңді . Қола үшін күресте…
17:27 | 19 ақпан 2015
26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Польшада (ерлер арасында) және Чехияда (қыздар арасында) "European Open" жарысы өткізіледі. Оған қазақ құрамасының екінші нөмірлі спортшылары қатысады деп жоспарланған.
17:08 | 19 ақпан 2015
«Федерация дзюдо» республикалық қоғамдық бірлестігі 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап кимоноға қатысты жаңа ережелер күшіне енетінін хабарлайды. Толығырақ сайттың нәтижелер бөлімінен таныса аласыздар.

Әлеуметтік желідегі парақшалар