IJF өкілдері әлем біріншілігіне дайындық барысын пысықтады

14:26 | 13 сәуір 2015

8-9 сәуір аралығында халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) өкілдері Астана қаласының әлем біріншілігіне дайындық барысын пысықтады. Халықаралық федерацияның Президенттік кеңсесінің директоры Лариса Кисс бастаған топ ең алдымен «Алау» мұзайдын сарайында болды, мұнан соң әлем біріншілігіне тартылатын басқа да нысандарды аралады. Естеріңізге салайық, дзюдо күресінен әлем біріншілігі Астана қаласында 24-30 тамыз аралығында өткізіледі. Өткізілетін орны: «Алау» мұзайдыны, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі 47.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар