Асхат Жіткеев үздік салық төлеушілерді марапаттау рәсіміне қатысты
14:10 | 17 сәуір 2015
17 сәуір күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті«Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры, Олимпиада жүлдегері Асхат Жіткеев салтанатты рәсімнің құрметті қонағы болды. Сонымен қатар, ол «Жалпыға ортақ салық төлеу режимі» номинациясы бойынша Қызылорда облысынан «НАЙ-МИР» ЖШС марапаттады.
0 пікірлер