Ташкенттен қос қола

23:57 | 03 қазан 2015

1-3 қазан аралығында Ташкент қаласында өткізілген «Grand – Prix» жарысында қазақ құрамасы екі қола медальді еншіледі. Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Отгонцэгцэг Галбадрах бірінші кездесуінде Израиль спортшысы Амели Россонеуді жеңіп, келесі Түркиялық қарсыласы Ебру Шахинді тізе бүктіртті. Мұнан соң ол тағы бір түрік дзюдошысы Дилара Локманхекимнен басым түсіп, өкінішке орай моңғол спортшысы Уранцэгцэг Мункхбаттан жеңілді. Ал, қола медаль үшін күресте Александра Подрядованы жеңіп кеткен Израиль балуаны Шира Ришониді ұтты. Сөйтіп еліміз үшін алғашқы қоланы әкелді, басқа спортшы қыздарымыз жүлдеге ілінген жоқ.

5ac838886d6e4a69196f9552d8bb682b.jpg

Сонымен қатар, ерлер құрамасы да жүлдеден құр қалған жоқ. Әзіз Қалқаманұлы барын салды. Алдымен польшалық Якуб Кубиеницті жеңді, одан кейін тәжік дзюдошысы Фарход Рахимов пен венгрлық Аттила Унгвариді ұтты. Сонымен қатар, Асаф Ченді жеңген Әзіз жартылай финалға шығып, Ресейлік Иван Воробьевтен жеңіліп, үшінші орынға күресті. Қола медаль үшін кездесуінде ол Қырғыстандық Владимир Золоевтан басым түсіп, қола жүлденің иегері атанды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар