Жаңалықтар

22:56 | 13 маусым 2015
Венгрияда өтіп жатқан Гран –при жарысында үш бірдей дзюдошымыз жоғары нәтиже көрсетті. 60 келі салмақтағы Айбек Имашев пен Елдос Сметовқа тең келер ешкім болмады. Екеуіде ақтық сыңға жолдама алды. Тартысты өткен бәсекеде Елдос Сметов жеңімпаз атанып, Айбек Иамшев күмісті місе тұтты. Ал, 66 келідегі Жансай Смағұлов алтыннан медаль тақты. Ол финалда германиялық Сейдл Себастьяннан басым түсті.
00:37 | 11 маусым 2015
Будапешт қаласында (Венгрия ) 13- 14 маусым аралығында өткізілетін «GRAND PRIX» жарысына бапкерлер құрамының шешімі бойынша төмендегі спортшылар қатысады: Ерлер: Елдос Сметов (60 келі, Тараз) Айбек Имашев (60 келі, Ақтау) Азамат Мұқанов (66 келі, г. Батыс Қазақстан обл.) Дастан Ықыбаев (73 келі, ШҚО) Ертуған Төренов (73 келі, Жамбылобл.) Тимур Болат (90 келі, Астана) Ислам Бозбаев ( 90 келі Қарағанды) Виктор…
00:24 | 11 маусым 2015
Жастара арасында Азия чемпионы, жастар арасында ел біріншілігінің күміс жүлдегері, 2013 жылы ересектерге көшіп Ресейде ересектер арасында өткен әлем біріншілігіне алғаш рет қатысып бесінші орынға тұрақтаған, әлемдік рейтингте алғашқы 40 спортшының қатарында. Ол жақында Венгрияда өткізілетін Гран - при жарысына қатысатын болады. Айбек соңғы уақытта негізгі құрамда өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айнала бастадың, ең алдымен қай өңірде туып өстің, ауылың…
16:02 | 08 маусым 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның бірінші вице-президенті Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбековті туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
16:43 | 31 мамыр 2015
Қарағандыда жазғы Спартакиада аясында дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні басталды. 73 келі салмақ дәрежесінің финалында қарағандылық Қайрат Ағыбаев пен алматылық Нұрлыхан Сүйінбай кездесіп, татами қожайыны жеңіске жетті. Азамат Мұқанов (БҚО) және Әділ Әбдрахманов (СҚО) қола жүлдегерлер атанды. 81 келіде Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Елдар Зәріпқанов чемпион атанды. финалда ол павлодарлық Арман Махамбетовты жеңді. Үшінші орынды Сұңғат Закарияев…

Әлеуметтік желідегі парақшалар