Әлем чемпионатында медаль үшін талас

17:16 | 27 тамыз 2015

Астанада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні аяқталуға жақын. Енді ерлер 81 келіде, ал әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта топтық кезеңнен шыққан спортшылар жүлделі орындар үшін күреседі. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Әзиз Қалқаманұлы екінші, Мариан Ордабаева үшінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды.

Бүгін чемпионатты тамашалауға келген кореялық жанкүйерлердің көңіл-күйі жақсы емес. Себебі, олар үміт артқан 81 келі салмақ дәрежесіндегі олимпиада чемпионы Ким Джа-Бум алғашқы кездесуінде португалиялық Лус Карлосқа ұтылып қалды. Олимпиада чемпионынан басым түскен Лус болса келесі кезеңде Молдова дзюдощысынан айласын асыра алмады.

Бұл салмақтың жартылай финалында грузиялық Автандил Чрикишвили жапониялық Накаси Таканори кездеседі . Грузия дзюдошысы екінші айналымда Әзиз Қалқаманұлын қапы қалдырған болатын. Екінші жартылай финалдық жұпта канадалық Валуа-Фортье мен 2013 жылғы әлем чемпионы, былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Луи Пьетри белдеседі.

Әйелдер арасында 63 келіде татамиге Словения спортшысы Тина Трстеняк пен екі дүркін әлем чемпионы, франциялық Кларисс Агбегнену өзара мықтыны анықтайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар