Сейсенбай Жанасылов: «Бозбаев пен Раков өздерін дәлелдеуі керек»

15:43 | 27 тамыз 2015

Сейсенбай Жанасылов,

Қарағанды облысының Ағадыр кентіндегі Балалар мен жасөспірімдерспортмектебнің директоры:

Астанада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына еліміздің әр өңірлерімен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен мамандар келіп тамашалауда. Осыған байланысты күн сайын әр салмақта өтіп жатқан кездесулерге шолу жасап, маман пікірін білген едік. Қарағанды облысыныңАғадыркентіндегі Балалар мен жасөспірімдерспортмектебініңдиректорыСейсенбай Жанасылов чемпионат жайлы өз ойын ортаға салды.

- Сіздің ойыңызша біздің спортшылар өзін көрсете алды ма?

- Қазақстан дзюдошылары жарыстың бірінші күнінде өздерін толық көрсетіп, артылған үмітті ақтай алды. Чемпионатқа қосқан екі спортшымызда сенімнен шығып, финалда белдесті. Сметовтің чемпион атанып, Ыбыраевтың күміс жүлдені иеленуі біз үшін мол олжа. Бірақ кеше алғашқы кездесуінде Азамат Мұқановтың жарыстан шығып қалғаны өте өкінішті. Елдос Жұмақанов жарысты тәп-тәуір бастап еді. Бірақ жартылай финалда ресейлік дзюдошыға, қолаға талас кезінде өзбек балуанынан айласын асыра алмады. Дегенмен әлем чемпионатында бесінші орын иеленуі де жаман емес.

73 келідегі Дастан Ықыбаев туралы не айтуға болады?

-Екі жыл бұрын Дастан әлем чемпионатында бесінші орын иеленген еді. Бұл салмақта Қазақстанда одан асқан мықты балуан жоқ. Ол бірнеше рет гран-при турнирлерінде жүлдегер атанды, Азия чемпионатында бесінші орын иеленді. Бірақ бүгін үлкен қателік жасады. Меніңше, ол кездесуді ертерек аяқтамақ болды. Соған тырысамын деп «варази» мен «юко» ұпайын иеленгенімен, бірде иппонға түсіп қалды.

Ислам Бозбаев пен Максим Раковтан не күтесіз?

-Олар өз салмағындағы үздік спортшылар. Бозбаев бабына енді келе жатыр. Екі жыл бұрын жарақат алып еді. Бірақ қазір бәрі түзеліп, жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. Халықаралық турнирде үшінші орын иеленді. Ол өзінің шамасын байқатты. Енді чемпионатта онысын толық дәлелдейді деп сенемін. Раков тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де үздіктер санатында. Әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондықтан ол біздің үміт артар дзюдошымыз. Олар осы жолы өздерін дәлелдеуі керек.

Командалық сында біздің спортшылар қай жерге дейін барады деп болжайсыз?

-Командалық жарыста біздің екінші нөмірлі дзюдошылар өнер көрсетеді. Бірақ біздің бірінші және екінші нөмірлі дзюдошыларда пәлендей айырмашылық жоқ. Дегенмен, бұл сында табысты өнер көрсетеді деп үміттемін. Бәрін татами көрсетеді.

Чемпионаттың ұйымдастару деңгейі көңіліңізден шықты ма?

-Чемпионат жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Қазақстанда бұған дейін өткен турнирлердің бәрі осындай дейгейде ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушылар мен федерация басшылығына көп рахмет айтамын.

Сұхбаттасқан Жанкелді Қаржан

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар