Максим Раков «Grand-Prix» жарысында екінші орын алды

17:26 | 22 қараша 2015

Қытайда өткізілген «Grand-Prix» жарысында 100 келі салмақ дәрежесінде Максим Раков екінші орын алды. Ақтық бәсекеге дейін ол өз қарсыластарын толықтай жеңіп, финалда Моңғолия балуаны Найдан Тувшинбаярмен кездесті. Тартысты өткен кездесуде Максим ескертулер саны бойынша қарсыласына есе жіберіп алды.

Сонымен қатар, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айтуар Абдуллов бесінші орынға тұрақтады. Осымен Қытайдағы жарыс мәресіне жетті, кезекті турнир Кореяда келесі аптада өткізілетін болады. Оған қатысатын құрама сапы, ресми сайтымызда жарияланған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар