Отгонцецег Галбадрах Кореяда «Grand-Prix» жарысында жеңіске жетті
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында Азамат Мұқанов жарыс жолын екінші айналымнан бастап, алдымен португалиялық Андре Соарестен басым түсті. Мұнан соң, Алжир дзюдошысы Худ Зорданиді жеңіп, әзірбайжан балуаны Ниджат Шихализадеден айласын асырды. Алайда жартылай финалда ол жапондық спортшы Таро Фуджисакадан ұтылып, жұбаныш белдесуге мүмкіндік алады. Үшінші орынға күресінде Израильдық Поллак Голаннан жеңіліп, тек бесінші орынға тұрақтады. Дегенмен бесінші орыны үшін ол 60 ұпайға ие болды.
Ал, Отгонцецег Галбадрах өзінің бабында екенін көрсетті. Алдымен түрік спортшысы Ебру Сахинді ұтып, италиялық Валентина Москатты жеңді. Бұдан кейін, румыниялық Моника Унгрианудан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ақтық сыңға шығу сәтінде ол Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Сара Менезесті ұтып, финалда Венгрия дзюдошысы Лондон Олимпиадасының және әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ева Черновицкиді жеңіп, алтынға ие болды. Осылайша спортшымыз 300 ұпай иеленді, әлемдік рейтингтегі орыны енді бірнеше сатыға жоғарылайтыны сөзсіз.
0 пікірлер