Жаңалықтар

18:53 | 30 тамыз 2021
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевты парадзюдошылардң Токиода сәтті өнер көрсетуімен құттықтады. "Парадзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының Паралимпиада ойындарындағы жоғарғы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Біз әрбір дзюдошының Паралимпиададағы көрсеткен тарихи нәтижесіне тәнтіміз және қуаныштымыз! Мұндай жетістік Қазақстан дзюдо және парадзюдо тарихында бұрын соңды болмаған. Осы орайда, осындай үлкен жетістік артында Сіздің және спортқа шын…
20:00 | 28 тамыз 2021
Құрметті Паралимпиадаға қатысушы дзюдошылар, сіздерді төртжылдықтың басты бәсекесі – Паралимпиада ойындарының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Паралимпиадаға дейінгі сіздер бағындырған белес, сіздер жүріп өткен жол – бізге үлгі. Табандылық, жанкештілік және қайсарлық әрқайсысыңыздың бойыңыздан табылатын туабіткен қасиет. Токио татамиі олимпиадашы-дзюдошыларымызға қола сыйлады. Осы орайда, Сіздер жеңісті жолды жалғастырып, Қазақ елін қуанышқа бөлейсіздер деп сенемін. Кіл мықтылар арасынан іркілмей іріктеліп шыққан 6…
16:54 | 14 тамыз 2021
Бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында дзюдодан Олимпиада, әлем және Азия чемпионаттының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров спортшылар мен жаттықтырушылар, ұлттық құраманың ғылыми-кешенді топ өкілдеріне ақшалай сыйақы тағайындады. Елордада Федерация президенті Қайрат Қожамжаров ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері дзюдошы Елдос Сметовке 5 млн теңгенің сертификатын табыстады. «Біз бүгін жылдың ең маңызды додасы саналған Олимпиада ойындарын…
19:30 | 30 маусым 2021
Сіздер бүгін тек қана спорттық емес, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басып отырсыздар. Олимпиада ойындары – төрт жылда бір өтетін маңызды спорттық дода. Біз бұл күнді,Токиодағы Олимпиада ойындарын, асыға күттік. Олимпиаданың кейінге шегерілуі мен пандемияға байланысты арадағы бір жыл үзіліске қарамастан сіздер спортшыға тән мінез көрсетіп, Қазақстан қоржынына алты жолдама алып келдіңіздер. Көп ұзамай, санаулы күннен кейін Токио төрінде ХХХІІ жазғы…
11:42 | 29 маусым 2021
Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. «Дзюдодан Токио Олимпиадасына баратын құрам бүгінде белгілі. Осыған дейін айтқанымыздай, Олимпиада ойындарына Олимпиадалық рейтингте жоғары орында тұрған спортшы барады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасының 7 спортшысы рейтингте тиісті ұпайды жинады. Алайда әр салмақтан бір спортшы ғана қатыса алатындықтан біз алдыңғы қатарда…

Әлеуметтік желідегі парақшалар