Қазақстан дзюдо федерациясының президенті дзюдошыларға Олимпиадада сәттілік тіледі

19:30 | 30 маусым 2021

Сіздер бүгін тек қана спорттық емес, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басып отырсыздар. Олимпиада ойындары – төрт жылда бір өтетін маңызды спорттық дода. Біз бұл күнді,Токиодағы Олимпиада ойындарын, асыға күттік.

Олимпиаданың кейінге шегерілуі мен пандемияға байланысты арадағы бір жыл үзіліске қарамастан сіздер спортшыға тән мінез көрсетіп, Қазақстан қоржынына алты жолдама алып келдіңіздер.

Көп ұзамай, санаулы күннен кейін Токио төрінде ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Ерік-жігердің, отанға деген махаббат пен халық алдындағы сенімнің нағыз шыңдалатын кезі.

Токио татамиінде сынға түсетін барлық спортшымызға сәттілік тілейміз!

Туымызды Токионың төрінен көрейік!

Құрметті Елдос, Ерлан, Жансай, Дидар, Ислам және Отгонцэцэг! Сіздердің жеңістеріңізге біз сенеміз!

Қазақстан Республикасы

Дзюдо федерациясының Президенті

Қ. ҚОЖАМЖАРОВ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар