Дюссельдорфта жеребе тарту рәсімі өтті

23:20 | 23 ақпан 2017

Бүгін Дюссельдорфта Гран при турнирінің жеребесі тартылды.

Жеребе бойынша 60 келіде "А" тобына түскен Елдос Сметов жарысқа екінші айналымда қосылады. Пелим Филип (Бразилия) пен Клим Дукас (Германия) жұбының жеңімпазы Сметовтың алғашқы қарсыласы болмақ. Дәл осы салмақта "D" тобындағы Бауыржан Жауынтаевтың қарсыласы испаниялық дзюдошы Джержос Франциско.

66 келіде Қырғызбаев Ғұмар алғашқы айналымда Миранда Аугустамен (Пуартэ Рико) белдессе, Азамат Мұқанов Хан-Могамедов Камалмен (Ресей) кездеседі.

Бұл жарыста 73 келіде бағын сынайтын отандасымыз Жансай Смағұлов "А" тобында Серси Марсельмен татамиге шығады.

81 келіде ел намысын қорғайтын Қажымұқан Өтеулиев "А" тобында екінші айналымда жарысқа қосылып, моңғол дзюдошысы Баянмунх Гаажадамбамен, "D" тобына түскен екінші дзюдошымыз Азиз Қалқаманұлы АҚШ спортшысы Хаттон Джэкпен белдеседі.

90 келіде Дәулетхан Жақыпов алғашқы айналымда серб спортшысы Маждов Неманямен, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Серікбаев Айбек Бен Халед Аниспен (Тунис) "А" тобында күреседі.

Ал 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ергалиев Еламан германиялық Бойзжемн Бенжаминмен белдессе, Шынкеев Ержан бразилиялық Искуердо Руанмен кездеседі.

Қыздардан Түйтекова Айкүнім 52 келі салмақта жарысқа екінші айналымда қосылады. 63 келіде Урдабаева Мариан Эриксон Идамен, 70 келіде Қашқын Жанар Бернхолм Аннамен, Умиралиева Дильбар Буткерейт Мираммен белдеседі.

-78 келіде Амангелдиева Альбина турнирге екінші айналымда Фабер Кристинамен шығады. +78 келіде Исанова Гүлжан Буессоу Кристинмен күреседі.

Естеріңізге сала кетсек, Гран При турнирі 24-26 ақпан күндері Дюссельдорфта өтеді. 50 елден 346 дзюдошы қатысатын бұл турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасынан 17 спортшы шығады.

Іріктеу кезеңін сағат 15:00-де ippon.tv порталынан, финалдық кездесулерді сағат 22:00-де Kazsport арнасынан тікелей эфирден көре аласыздар.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар