Жаңалықтар

09:15 | 31 қазан 2016
Тараз қаласында Конфедерация Кубогының D тобындағы іріктеу кезеңі аяқталды. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облысының құрамалары грек- рим және еркін күрес, дзюдо, таеквондодан үздіктерді анықтады. Бұл туралы Конфедерацияның баспасөз қызметі мәлімдейді. Жамбылдық дзюдошылар финалдық кезеңге жолдама алды. Олар үш жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Бірінші кездесуінде жамбылдықтар ақтөбелік дзюдошылардан 4:1 нәтижесімен басым түссе, екінші белдесуде дәл осындай есеппен Маңғыстау құрамсын жеңді. Осыдан…
10:01 | 30 қазан 2016
Бүгін, 30 қазан, ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Жылқыбаев Самат Сәбитұлының туған күні! Дзюдо федерациясының ұжымы сізді туған күніңізбен құттықтайды! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға сәттілік тілейді! Дзюдоны дамыту жолындағы ерен еңбегіңіз ескеріліп, саңлақтарымыз жеңіс тұғырларынан көрінсін!
22:11 | 29 қазан 2016
БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінің екінші күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. 81 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Әділет Миссин алғашқы айналымда Молдова спортшысы Никон Заборощуктен иппонмен жеңіліп, жарысты аяқтады. Дәл осы салмақта белдескен екінші балуанымыз Дидар Хамза нәтижелі күресіп, жүлделі бесінші орыннан көрінді. Ол алғашқы кездесуінде Досен Божанмен белдесіп, иппон ұпайын иеленді. Екінші айналымда отандасымыз чех…
17:00 | 29 қазан 2016
Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінің екінші күні басталды. Жарыстың екінші күнінде татамиге екі қазақстандық спортшы шықты. 81 келіде белдескен Әділет Миссин алғашқы айналымнан сүрінсе, осы салмақ дәрежесінде екінші дзюдошымыз Дидар Хамза қола үшін белдесетін болады. Ол алғашқы кездесуінде Досен Божанмен белдесіп, иппон ұайын иеленді. Екінші айналымда отандасымыз чех балуаны Мусил Жаромирді де таза жеңіп, ширек финалға шықты.…
00:06 | 29 қазан 2016
Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс медальға ие болды. 48 келі салмақта алтынды Отгонцэцэг Галбадрах еншілесе, ерлерден 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Мұқанов күмісті місе тұтты. 33 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысып жатқан турнирде Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде командалық есепте медаль саны бойынша ІІ орынға жайғасты. 48 келіге дейінгі салмақ…

Әлеуметтік желідегі парақшалар