Маңғыстау облыстық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

14:23 | 10 желтоқсан 2016

Ақтауда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Маңғыстау облысындағы дзюдо күресінің 35 жылдығына орай дзюдодан облыстық чемпионат өтті. Спорт бәсекесіне 1997-1998 жылы туған 110 ұл мен қыз қатысып, боз кілемде белдесті.

Басты мақсат - дзюдошылардың шеберлігін шыңдау, жастарды ҚР чемпионаттарына іріктеу. Және 2017 жылы аймақ намысын Әлем, Азиячемпионаттарында қорғайтын балуандарды анықтау, облыстың құрама командасын жасақтау. Жалпы биылғы жыл Маңғыстау дзюдо күресінің тарихында жетістіктерге, толағай табыстарға толы болды. Облыс орталығында дзюдодан өткен халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирдің бетпе-бет кездесуінде облыстық «Жастар» спорт мектебінен жасақталған құрама команда бірінші орынды иеленді, жеке салмақта да облыс балуандары жоғары көрсеткіш көрсетті. Одан бөлек, республикалық, халықаралық жарыстарда да балуандарымыз топ жарып, өңір намысын абыроймен қорғады. Маңғыстау спорт тарихында алғаш рет дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер арасында балуанымыз Әмірбек Жеңісов Ел чемпионы атанды. Словенияның Градек қаласында дзюдодан өткен халықаралық турнирде шәкірттеріміз Нұрсұлтан Манарбекұлы мен Нұрбек Қуанышұлы алтыннан алқа тақты. Жақында ғана облыс орталығында өткен республикалық жарыстың қорытындысында аймақ балуандары 13 алтын медальдің иесі атанды. Мұның барлығы әрине, облыстағы күні-түні еңбектеніп жүрген бапкерлер еңбегі,-дейді облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

Жалпы командалық есепте Ақтау қаласы бірінші орынды иеленсе, екінші орыннан Маңғыстау ауданы көрінді. Үшінші орынға Түпқараған ауданы тұрақтады.

Жарыстың қорытындысы: Ұлдар

55 келі салмақ

1. Бауыржан Нарбаев («Жастар» спорт мектебі)

2. Айсерік Сейілханов («Жастар» спорт мектебі)

3. Наурызбай Бағдат («Толқын» спорт мектебі)

Қуандық Нұржас («Жастар» спорт мектебі)

60 келі салмақ

1. Рамазан Мамаев («Жастар» спорт мектебі)

2. Аманбек Құлқаев («Жастар» спорт мектебі)

3. Нұрболат Сеңғалиұлы («Жастар» спорт мектебі)

Тынышбек Халымов («Жастар» спорт мектебі)

66 келі салмақ

1. Сұңғат Жұбатқан («Жастар» спорт мектебі)

2. Бауыржан Сағынғалиұлы («Жастар» спорт мектебі)

3. Нұртас Жеткіншеков («Шоғы батыр» мектебі)

Қуанышбек Итібаев («Шоғы батыр» мектебі)

73 келі салмақ

1. Бағдат Ерғазы («Жастар» спорт мектебі)

2. Бауыржан Рахымжанов («Толқын» спорт мектебі)

3. Бақдәулет Далухан (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

Жанболат Оралбаев («Шоғы батыр» мектебі)

81келі салмақ

1. Руслан Мусаев («Жастар» спорт мектебі)

2. Қанағат Қойжан («Жастар» спорт мектебі)

3. Жанқуат Амандық («Толқын» спорт мектебі)

Айболат Жылқыбаев («Шоғы батыр» мектебі)

90 келі салмақ

1. Көшкінбай Қобылан («Жастар» спорт мектебі)

2. Абыл Шаңдиев («Жастар» спорт мектебі)

3. Айдос Халықназаров («Шоғы батыр» мектебі)

Бектас Маратов («Толқын» спорт мектебі)

100 келі салмақ

1. Нұрбол Елубаев (Жаңаөзен қаласы),

2. Еламан Асханбаев («Жастар» спорт мектебі)

3. Е. Мұратбеков (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

А. Мұратбайов (Түпқараған ауданы)

+100 келі салмақ

1. Ақылбек Айжарықов («Жастар» спорт мектебі),

2. Расул Әбдіхалық («Толқын» спорт мектебі)

3. Жарас Саудабаев (Түпқараған ауданы)

Расул Ордабаев (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

Қыздар.

44 келі салмақ

1. Жанбота Мұқанова («Жастар» спорт мектебі)

2. Айгерім Еламанова («Жастар» спорт мектебі)

3. Айжан Есірпекова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

48 келі салмақ

1. Айкүн Рахметова («Жастар» спорт мектебі)

2. Тілектес Жолдығариева («Толқын» спорт мектебі)

3. Венера Раушанова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

52 келі салмақ

1. Зина Хасан («Жастар» спорт мектебі)

2. Қалимаш Жексенова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

3. Алтынай Дуанова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

57 келі салмақ

1. Анель Қадыр (Түпқараған ауданы)

2. Айбану Нигматулаева («Жастар» спорт мектебі)

3. Эльмира Хасан («Жастар» спорт мектебі)

Самал Қуанбаева («Толқын» спорт мектебі)

63 келі салмақ

1. Әлия Тлепова («Жастар» спорт мектебі)

2. Гүлім Қайырова («Толқын» спорт мектебі)

3. Индира Бектұрова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

70 келі салмақ

1. Ақниет Тұрдан («Жастар» спорт мектебі)

2. Рашида Салауатова («Толқын» спорт мектебі)

3. Гүлшат Жетпісова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

+70 келі салмақ

1. Гүлнұр Мақсетова («Жастар» спорт мектебі)

2. Қарлығаш Демеуова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

3. Қаламқас Ідірісова (Маңғыстау

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар