Ақтау қаласында жастар арасында облыс біріншілігі аяқталды
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған дзюдо күресінен жастар арасында (ұл,қыздар) Маңғыстау облысының чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды aktausport.kz спорт порталы.
Чемпионатқа Ақтау, Жаңаөзен қаласымен қоса облыстағы басқа да аудандарынан барлығы 110 дзюдошы қатысты. Бір күнге созылған жарыстың қортындысы бойынша келесі салмақ дәрежелерінде чемпиондар анықталды. 55 келі Нарбаев Бауыржан, 60 келі Мамаев Рамазан, 66 келі Жұбатқан Сұңғат, 73 келі Ерғазы Бағдат, 81 келі Мусаев Руслан, 90 келі Қобылан Көшкінбай, 100 келі Елубаев Нұрбол және +100 келі Айжарықов Ақылбек. Қыздар арасында алтын жүлдені 44 келі Муканова Жанбота, 48 келі Рахметова Айкүн, 52 келі Хасан Зина, 57 келі Қадір Анель, 63 келі Тлепова Алия, 70 келі Тұрдан Ақниет +70 келі Мақсетова Гулнур иеленді. Осы жарыста чемпион және жүлдегер болған спортышалр 2017 жылы өтетін Қазақстан чемпионатында және жастар ойынында Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады. Чемпионаттың жоғарғы деңгейде өтуіне Маңғыстау облыстық спорт басқармасы мен облыстық дзюдо федерациясы қолдау көрсетті.
0 пікірлер