Ислам Бозбаев "Grand Slam" турнирінде алтын алды

19:10 | 12 наурыз 2017

Әзірбайжан астанасы Бакуде "Grand Slam" турнирі өз мәресіне жетті. Аталмыш додаға Қазақстан құрамасынан 14 спортшы қатысып, Ислам Бозбаев (90 кг) алтын медаль еншілесе, қалған төрт дзюдошымыз бесінші орыннан көрінді. Олар: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг), Нышанбаева Севара (57 кг), Бектасқызы Зере (70 кг) және Амангельдиева Альбина (78 кг).

84289a10a4c1203beb7daedc3e380449.jpg

Үш күнге созылған халықаралық додада Ислам Бозбаев (90 кг) жарыстың соңғы күні ел намысын абыроймен қорғады. Ол алғашқы айналымда Әзірбайжан спортшысы Мырзаев Асланды иппонмен, екінші белдесуінде нидерланд Ван Тенд Ноелді жеңіп, жартылай финалда Сафгулиев Туралды голден скорда вазари ұпайымен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Финалдық кездесуде жергілікті балуан, Әзірбайжан дзюдошысы Мехдиев Маммадалимен беледесті. Белдесу барысында екі ескерту алған қазақстандық спортшы белдесу соңына дейін екі вазари ұпайын еншілеп, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медалді иеленді.

Медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы бір алтынмен 31 ел ішінде 8-ші орынмен жарысты аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар