"Үлкен дулыға" турнирінің бірінші күні аяқталды

21:01 | 10 наурыз 2017

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі басталды. Аталмыш турнирге Қазақстаннан 7 дзюдошы татамиге шығып, іріктеу кезеңінде бесеуі сүрінсе, қалған екеуі жарысты бесінші орынмен аяқтады. Олар - Қырғызбаев Ғұсман (60 кг) мен Нышанбаева Севара (57 кг).

Қырғызбаев Ғұсман алғашқы айналымда венгриялық Сзабо Шабуды иппонмен ұтып, екінші схваткасын Әзірбайжан спортшысы Сафаров Орханға қарсы өткізді. Сафаровпен өткен белдесу өте тартысы десе де болады. Негізгі уақытта тең түскен балуандар шын мықтыны голден скорда (қосымша уақытта) анықтады. Голден скорда әзірбайжандық Сафаров Орхан сылбыр күрескені үшін үшінші шидосын алып, жарыстан шықты да, Қырғызбаев Ғұсман жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда жапон дзюдошысы Шишиме Торумен кездесіп, белдесу барысында отандасымыз татамиге басымен түскендіктен (ережеге сәйкес, мұндай жағдайда дзюдошының мойны/желкесі/басына зақым келмес үшін жарыстан шығарады) жарысты тоқтатып, жеңіс Шишиме Торуға берілді. Нәтижесінде, Қырғызбаев Ғұсман жұбаныш белдесуінде қола медалі үшін күреcке шықты. Онық жұбаныш (утешилка) белдесуінде Герчев Яниславтан (Болгария) жеңіліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

57 келіде сынға түскен қазақстандық Нышанбаева Севара жарысты екінші схваткадан бастады. Шахин Лейланы (Әзірбайжан) иппонмен ұтып, жартылай финалда Нышанбаева Севара тайпей қызы Лиен Чен-Линге ұтылып, жұбаныш белдесуінде қолға күресуге мүмкіндік алды. Нышанбаева Севара қола үшін Нельсон Леви Тимнамен (Израиль) белдессіп, жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде, отандасымыз "Үлкен Дулыға" турнирінде бесінші орынға жайғасты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар