Тимур Болат жаңа қызметке тағайындалды

16:58 | 05 шілде 2017

Тимур Болат Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны қызметіне тағайындалды. Естеріңізге сала кетсек, Тимур Болат 2007-2016 жылдары Қазақстан Ұлттық құрама команда сапында белдескен. Әлем Кубогының күміс медаль иегері (2008), сондай-ақ, Азия Чемпионатында қола (2009, Тайпей), 2014 жылы Инчеонда өткен Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізген. Сонымен қатар, бірнеше әлемдік Гран При кезеңдерінің жүлдегері.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар