Мұрат Кинтонов жаңа қызметке тағайындалды

16:47 | 03 шілде 2017

Бүгін Қостанай облысынның әкімі Архимед Мұхамбетов дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионы Мұрат Кинтоновты Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт бөлім басқарушысы қызметін атқарушысы ретінде жаңа қызметке тағайындады.

Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Кинтонов бұған дейін Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны қызметін атқарған еді. Мұрат Кинтоновқа дзюдоның Қазақстанда дамуына өлшеусіз қосқан үлесі үшін орасан зор алғысымызды айтып, жаңа жұмысына толағай табыстар мен спорттың тағы бір белесін бағындыруына тілектеспіз!

d37f0998a9c60354f7f04cbfb143ceab.jpg

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар