Жаңалықтар
12:33 | 30 тамыз 2018
Қазақстандвқ дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының финалына шақты. 81 келіге дейін күресетін отандасымыз жартылай финалда жапониялық Такеши Сасакиді уақытынан бұрын таза жеңіп, финалға жолдама алды.
Ал бұрымды балуандарымыздан Севара Нишанбаева мен Зере Бектасқызы қола медаль үшін жұбаныш финалында белдеседі.
Финалдық кезеңдер Астана уақытымен сағат 15:00- де басталады.
18:33 | 29 тамыз 2018
Бүгін Джакартада өтіп жатқан Азиа ойындарында дзюдо бойынша сайыстар басталып, жеңіл салмақтағы мықтылар анықталды.
Жарыстың бірінші күнінде балуандар төрт салмақ дәрежесінде, атап айтқанда, ерлер 60 пен 66 келіге дейінгі салмақта күрессе, бұрымды балуандар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Қазақстан сапынан татамиге 4 дзюдошы шығып, оның екеуі жеңіс тұғырынан көрінсе, өкінішке қарай, екеуі жарысты жүлдесіз аяқтады. Кәмшат Қарасайқызы…
17:42 | 29 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос Жұмақанов ел қоржынына тағы бір қола медаль салды.
Ол жұбаныш белдесуінде Катар спортшысы Аюб Элидриссиді уақытан бұрын жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Елдос Жұмақанов алғашқы белдесуінде филиппиндік Шуген Наканомен кездесіп, уақытынан бұрын таза жеңіске ие болды. Ширек финалда моңғол балуаны Эрхембаяр Баттогтохтан айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда…
15:13 | 29 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш белдесуінде қытайлық Иа Хиёнгты иппонмен ұтты.
48 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах ширек финалда Солтүстік Корея спортшысы Ю Сун Жонды кедергісіз ұтып, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Галбадрах Отгонцэцэг жапон қызы Ами Кондодан айласын асыра алмай, жұбаныш белдесуінде қола үшін күресуге мүмкіндік алған…
13:13 | 29 тамыз 2018
Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.
Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.
«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді…