​Елдос Жұмақанов - Азия ойындарының қола жүлдегері

17:42 | 29 тамыз 2018

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос Жұмақанов ел қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Ол жұбаныш белдесуінде Катар спортшысы Аюб Элидриссиді уақытан бұрын жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Елдос Жұмақанов алғашқы белдесуінде филиппиндік Шуген Наканомен кездесіп, уақытынан бұрын таза жеңіске ие болды. Ширек финалда моңғол балуаны Эрхембаяр Баттогтохтан айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда жапон дзюдошысына есе жіберген отандасымыз жұбаныш финалында катарлық Аюб Элидриссиді ұтты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар