Галбадрах Отгонцэцэг Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

15:13 | 29 тамыз 2018

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш белдесуінде қытайлық Иа Хиёнгты иппонмен ұтты.

48 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах ширек финалда Солтүстік Корея спортшысы Ю Сун Жонды кедергісіз ұтып, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Галбадрах Отгонцэцэг жапон қызы Ами Кондодан айласын асыра алмай, жұбаныш белдесуінде қола үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар