Жаңалықтар

11:26 | 09 наурыз 2023
Семейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан чемпионатына Астан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, еліміздің 16 облысынан барлығы 517 спортшы қатысып жатыр. «Абай-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігінің ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев, Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы…
14:19 | 06 наурыз 2023
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Ташкентте өткен әлемдік Grand Slam жарысын қорытындылады, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. 3-5 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өткен әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстан ұлттық құрама командасы екі күміс жүлдемен жалпы медаль кестесінде 10-шы орнымен аяқтады. Аталған байрақты бәсекеге әлемнің 49 елінен 364 дзюдошы қатысты. Қазақстан қоржынына Нұрқанат Серікбаев…
19:18 | 04 наурыз 2023
Ташкентте дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев финалға шығып, 2-орынға ие болды. Ол ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесті. Отандасымыз жартылай финалда Швейцария спортшысы Нилл Штампты уақытынан бұрын иппонмен жеңді. Ширек финалда Умарт Демирелден (Түркия) басым түссе, іріктеу кезеңдерінде Аксус Бенжжамин (Франция) мен Шыңғысхан Сағыналиевті (Қырғызстан)…
19:42 | 03 наурыз 2023
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тәжірибелі Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинге есе жіберді. Нұрқанат Серікбаев аталған жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Алдымен БАӘ өкілі Мутаз Хаужахты, одан кейін әзербайжандық Ровшан Алиевті жеңді. Ширек финалда өзбекстандық Дильшотбек…
10:43 | 28 ақпан 2023
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады. 3-5 наурыз күндері өтетін әлемдік бәсекеге 51 елден 400-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған. Назарларыңызға Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынамыз. Ерлер: Мерей Марханбетов (60 кг) Нұрқанат Серікбаев (60 кг) Есет Қуанов (66 кг) Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Данияр Шамшаев (73 кг) Дархан Қойбағар (73 кг) Абылайхан Жұбаназар…

Әлеуметтік желідегі парақшалар