Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионы

17:45 | 10 мамыр 2024

Ғалия Тыныбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында топ жарды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен ұтып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Бұл Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысыныалғашқы алтыны.

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Европа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтқан болатын.

Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы ретінде әлемдік рейтингте Ғалия Тынбаеваның қоржынына 1000 ұпай қосылады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар