Елдос Сметов - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері

18:04 | 10 мамыр 2024

Астана өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдеге қол жеткізді.

Шешуші белдесуді отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсифовпен өткізді.

Үшінші орын үшін Елдос Сметовқа әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен екінші жүлде. Бүгінгі әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі бәсекеде Ғалия Тынбаева чемпион атанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар