Жаңалықтар

20:00 | 30 сәуір 2019
Нұр-Сұлтанда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров пен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбековтың жетекшілігімен Федерация мен ҚР ҰОК бірлескен жиыны өтті. Бірлескен жиынға Спорт және мәдениет вице-министрі Елдос Рамазанов, ҚР ҰОК мен Федерация өкілдері қатысты. Жиынның басты тақырыбы 24-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында өткізілетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Қазақстан Ұлттық құрама командасының төрт жылдықтың басты додасы…
11:58 | 29 сәуір 2019
Дзюдодан Қазақстан құрамасы 10-12 мамыр күндері Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін әлемдік «Grand Slam» кезеңіне қатысады. Екі күнге созылатын турнирге 60 елден 519 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ерлер: Бауыржан Нарбаев (-60 кг) Мағжан Шамшадин (-60 кг) Есет Қуанов (-66 кг) Сұңғат Жұбатқан (-66 кг) Жанболат Бағтбергенов (-73 кг) Мадияр Сембаев (-73 кг) Виктор Демьяненко (-100 кг) Қыздар: Анна Казюлина (-52 кг)…
17:19 | 25 сәуір 2019
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында дзюдодан кезекті Азия чемпионаты аяқталып, құрлық додасынан қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 66 келідегі Ерлан Серікжанов иеленген алтын жүлде де бар. Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, біріншілікті қорытындылады. - Азия чемпионаты біздің спортшылар үшін ойдағыдай аяқталды. 60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда тәжірибелі жапон балуанынан жеңілді. Ал…
19:49 | 23 сәуір 2019
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатының аралас командалық жарысын 5-орынмен аяқтады. Жұбаныш финалында қазақстандық дзюдошылар Қытай құрамасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңілді. Шешуші белдесуде құрама сапында Ислам Бозбаев пен Ерасыл Қажыбаев жеңіске жетсе, Серік Ақылбек, Мөлдір Нарынова, Зарина Райфова, Севара Нишанбаевалар қарсыластарына есе жіберді. Жұбаныш финалына дейін аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы қарсыластары Тайпей құрамасын 4:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде жартылай финалға…
21:23 | 22 сәуір 2019
Қазақстандық дзюдошы Фуджейрада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Отандасымыз бірінші белдесуінде тайпейлік Фонг Чун Ченді уақытынан бұрын жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты вазари ұпайымен ұтты. Ал жартылай финалда тәжікстандық Камроншах Истопирионға есе жіберген соң, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. Жұбаныш финалында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Оңтүстік Кореялық Гвак Дон Ханды оңай ұтып, Қазақстан қоржынына қола…

Әлеуметтік желідегі парақшалар