Жаңалықтар

12:34 | 15 наурыз 2019
Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысы басталады. Жарыс фавориті саналған қазақстандық Елдос Сметов аталмыш жарысқа қатыспайтынын ресми мәлімдейміз. Екатеринбург қаласында жарыс алдындағы жаттығу барысында жарақаты сыр берді. "Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын…
16:19 | 14 наурыз 2019
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Марокконың Мараккеш қаласынан Қазақстанға оралды. Елге келген соң Қазақстан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Қален Қалиұлы жарысты қорытындылап, спортшылардың Гран При турниріндегі нәтижесіне көңілі толатынын айтты. «Гран При жарысы өте мықты деңгейде өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Осы жарысқа Қазақстан ерлер құрама командасынан 12 дзюдошы қатысып, оның ішінде екеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Марокко…
17:21 | 12 наурыз 2019
15-17 наурыз күндері Екатеринбургте (Ресей) дзюдодан әлемдік «GrandSlam»турнирі өтеді. Жарысқа 48 елден 403 дзюдошы қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 20 спортшы ел намысын қорғайды. Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Елдос Жұмақанов (-66 кг) Есет Қуанов (-66 кг) Мадияр Сембаев (-73 кг) Бекәділ Шаймерденов (-73 кг) Бекжан Абдуалиев (-81 кг) Руслан Мусаев (-81 кг) Ислам Бозбаев (-90 кг)…
11:46 | 11 наурыз 2019
11 наурыз күні халықаралық дзюдо федерациясы(IJF) Гран При жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Әлемдік Гран При жарысында жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар жаңартылған IJF рейтингінде жоғары көтерілді. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес Гран При жеңімпазына әлем рейтингіне 700 ұпай, күміс жүлдегерге 490 ұпай, ал қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады. Жарыстың күміс жүлдегері атанған қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбев (+100 кг) 51 орыннан…
01:09 | 11 наурыз 2019
Ерасыл Қажыбаев - Гран При турнирінің күміс жүлдегері Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол ақтық финалда германиялық Свен Хейнлимен кездесіп, есе жіберді. Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін күрескен Айбек Серікбаев жұбаныш финалында есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы жарыста 66 келіге дейінгі салмақта белдескен…

Әлеуметтік желідегі парақшалар