Жаңалықтар

19:27 | 05 қазан 2013
Ташкентте өткен дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің әйелдер арасындағы екінші жарыс күні аяқталды (70 кг). Бұл салмақ санатында Қазақстан құрамасынан атынан Динара Кударова мен Зәмзәгүл Файзолланова өнер көрсетті. Екеуі де қарсыластары Гульноза Матниязова (Өзбекстан) мен Лиор Вилдиканнан (Израиль) жеңіліп қалып, «жұбаныш» кездесуін қанағат тұтты. Онда Файзолланованың жолы болып, ол Виктория Оздаеваны (Өзбекстан) жеңді, бірақ кіші финалда Гульноза Матниязовадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды.…
18:54 | 05 қазан 2013
Ташукенттегі Гран-при турнирінде Назгүл Кубашеваның (57 кг) ізін ала Мариан Ордабаева (63 кг) құрама қоржынына екінші қоланы салды. Мариан жартылай финалда американдық Ханна Мартиннен жеңіліп қалып, «автоматты түрде» кіші финалға өтті. Онда қазақстандық дзюдошы өз мүмкіндігін жібермеген жоқ: үнді қызы Гарима Чаудариді жеңді. Кіріспе кездесулерде Ордабаева өзбек қызы Ровияжон Курбанова мен бразилиялық Марина Сильваны жеңген болатын. Ал осы салмақта өнер…
18:32 | 05 қазан 2013
Қазақстандық дзюдошы қыз Назгүл Кубашева (57 кг) Ташкентте дзюдодан өткен Әлемдік Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды. Лицензиялық турнирдің екінші жарыс күні біздің Назгүлдің алаң иесі Шахноз Окбутаеваны жеңуінен басталды. Бірақ келесі кездесуде біздің қыз хорват дзюдошысы Андреа Бекичтен жеңіліп қалып, «жұбаныш кездесуіне» өтті. Онда Назгүл өзбек қызы Махлия Манонованы жеңсе, кіші финалда Израиль қызы Камила Минакаваны жеңді.
15:34 | 05 қазан 2013
Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінің екінші жарыс күні де бізге жеңіс әкелмеді. Ерлер арасындағы қорытынды нәтижелерді назарларыңызға ұсынамыз. 81 кг дейінгі салмақ санатында Қазақстан құрамасының атынан Батыр Мұқатаев пен Азамат Қыпшақбаев өнер көрсетті. Өкінішке орай, екі спортшы да бірінші кездесулерінде жеңіліп қалды. Батыр Мұқанов өзбек балуаны Шухротжон Арслановқа есе жіберсе, Азамат Қыпшақбаев австриялық Марсель Оттодан аса алмай қалды.…
23:57 | 04 қазан 2013
Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы медальды қанжығалады. Жарыстың бірінші күні қыздар арасында Александра Подрядова (48 кг дейінгі салмақ санаты) күміс жеңіп алды (суретте - сол жақта). Александра жартылай финалда алаң иесі Кристина Ковалеваны жеңсе, шешуші кездесуде Израиль спортшысы Шире Ришониден жеңіліп қалды. Ал 52 кг дейінгі салмақ санатында Олеся Куценко мен Алтынай Балтина өнер көрсетті.…

Әлеуметтік желідегі парақшалар