Жаңалықтар

13:46 | 26 тамыз 2014
Сергей Лимнің ізін ала 66 келідегі тағы бір балуанымыз Жансай Смағұлов жеңіліс тапты. Жансай бірінші кездесуде беларусь Вае Тахталянды иппонмен жеңген. Алайда, қытайлық Дуанбин Миден айла асыра алмады. Осылайша, Смағұлов та әлем чемпионатымен қош айтысты.
13:28 | 26 тамыз 2014
Дзюдодан әлем чемпионатының (25-31 тамыз, Челябинск) екінші жарыс күні Сергей Лим (66 келі) үшін сәтті болған жоқ. Қазақстан құрамасының бапкерлері ерекше үміт артқан Сергей біріншілікті жақсы бастаған. Италияндық Элио Верде мен алжирлік Худ Зурданиді жерлесіміз «иппонмен» жеңді. Алайда келесі кезеңде біздің балуанды өткен жылы Азамат Мұқановты финалда жеңген Масаси Эбинума күтіп тұрды. Ал Лимнің оған әлі жетпеді. Таза жеңіліс -…
18:41 | 25 тамыз 2014
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды (25-31 тамыз, Челябинск). 60 келідегі Айбек Имашев француз Софиан Милушты иппонмен жеңген соң, қола медальға күресу құқығын алған. Тіпті, 10:0 есебімен жапондық Наохиса Такатоны ұтып жатыр еді. Алайда, Такато әккі екен. Айбекті иппон әдісімен (100:10) жеңіп кетті. Кейін Айбектің көз жасын әрең ұстап тұрғанын көрдік... Жеңіліс қашанда ауыр...
13:36 | 25 тамыз 2014
Челябинскіде дзюдодан әлем чемпионаты басталды ( 25-31 тамыз). Бүгін татамиге шыққан үш балуанымыздың ішінен алысқа шапқаны Айбек Имашев (60 келі) қана. Өз тобында ол палестиналық Мохаммад Мохсенді оңай жеңді. Кейін армениялық Григор Иванян мен өзбек балуаны Диорбек Урозбоевтан басым түсті. Алайда, жартылай финал жолдамасы үшін тартыста моңғолиялық Ганбат Болдбатардан ұтылды. Айбектің жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы кейін анықталады. Еркебұлан Қосаев (60 келі)…
14:30 | 15 тамыз 2014
Дзюдодан Қазақстанның әйелдер ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары әлем чемпионатында (Ресей, 25-31 тамыз) ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін бекітті: Иманғалиева Меруерт (-48 кг) Куценко Олеся (-52 кг) Нышанбаева Севара (-57 кг) Файзолланова Зәмзәгүл (-63 кг) Өмірәлиева Ділбар (-70 кг) Амангельдиева Альбина (-78 кг) Райфова Зарина (-78 кг) Абдрасулова Зарина (+78 кг)

Әлеуметтік желідегі парақшалар