2017 жылғы дзюдодан әлем чемпионаты Будапештте өтеді
Будапешт 2017 жылғы дзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды.
Бұл туралы IJF Халықаралық дзюдо Федерациясының президенті Мариус Визер дүйсенбіде Венгрияның дзюдо федерациясы президенті Ласло Тот пен Венгрияның спорт министрі Ласло Шимицкомен келісім-шартқа қол қойды. Бұл шартқа сәйкес Венгрияның үкіметі жарысты ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты қолдау көрсетеді. Турнир Венгрия тарихындағы дзюдодан алғашқы әлем біріншілігі болып табылады.
"Венгрияның 2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат ретінде болуы мен бұл елдің дзюдо тарихын ескере отырып, олардың 2017 жылғы дзюдодан әлем чемпионатын сәтті өткізуіне сенімдімін" - дейді Мариус Визер.
Дзюдодан 2015 жылғы Әлем чемпионаты Қазақстанда өтетіндігі жөнінде естеріңізге саламыз. 120 елден келген 700-ден астам үздік спортшыларды 25-30 тамыз күндері Астана қарсы алатын болады.
0 пікірлер