Ислам Бозбаев Гран При жарысының қола жүлдегері атанды

21:25 | 29 наурыз 2015

Қазақ дзюдошысы Ислам Бозбаев Самсун қаласында (Түркия) өткен Гран При жарысының қола жүлдесін жеңіп алды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол Ирак балуаны Алькурайши Шихабты ұтты, екінші белдесуінде нидерландтық Элмонт Гюлаумнен басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Сербия спортшысы Александр Куколжден жеңіліп, жұбаныш белдесуінде словакиялық Рандл Миланды жеңді. Үшінші орынға күрес кезінде Ислам Бозбаев израйльдық Кохман Лиден басым түсіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар