Жаңалықтар

11:55 | 25 желтоқсан 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясына кіретін спорт түрлерінен ұлттық федерациялар «Бапкер жылын» қорытындылады. Еске сала кетейік, 2014 жыл Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен «Бапкер жылы» болып бекітілген елі. Қазақстан бокс федерациясы 3 аталым бойынша үздік бапкерлерді анықтады. «Ересектер арасында 2014 жылдың үздік бапкері» болып ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов танылды. Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев…
10:39 | 24 желтоқсан 2014
Қазақстан спортшылары «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында «Рио-2016 олимпиадалық шәкіртақысының» иегерлері атанды. «Олимпиадалық ынтымақтастық» - Халықаралық Олимпиада Комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында ұлттық федерациялар ұсынған шәкіртақыға үміткер спортшыларды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті халықаралық ұйымға жіберген болатын. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады. Бүгінде Қазақстанға бөлінген 29 шәкіртақының 16-сы Конфедерация спорт түрлерінен болып отыр. «Рио-2016 олимпиадалық…
13:01 | 22 желтоқсан 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерация «Жеке бапкер» атты мобильдік қосымшаны әзірледі. Спортпен шұғылданып, үнемі бабыңызда жүруге шақыратын «Жеке бапкер» қосымшасы өз жетістігіңізді достарыңызбен бөлісуге, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану турасында мол ақпарат алуға, пайдалы жаттығу бағдарламасын дайындауға көмектеседі. Пайдаланушыларға «Жеке бапкердің» келесі бөлімдері қолжетімді: - Жаттығулар – бұлшық еттер тобын шынықтыруға арналған алуан түрлі жаттығулар жинағы…
11:26 | 19 желтоқсан 2014
Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта Қазақстанның танымал спортшылары мектеп тәрбиеленушілерімен кездесті. Шеберлік сабақтарын өткізуге таеквондодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Арман Шылманов пен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Владимир Седов және кадеттер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев келді. Кездесу барысында мектеп-интернатта үздік оқыған спортшылар марапатталды. Конфедерация атынан оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, танымал спортшылар жас…
01:43 | 16 желтоқсан 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы баршаңызды еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Егемен еліміздің іргесі берік, аспанымыз ашық болсын! Біздің ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі асқақтай берсін!

Әлеуметтік желідегі парақшалар